• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда шыбын-шіркеймен күрес шарасына 70 миллионнан аса қаражат бөлінді

Павлодарда шыбын-шіркеймен күрес шарасына 70 миллионнан аса қаражат бөлінді

Бүгінде жұмыстарды орындайтын мердігер де анықталды. Олар дезинсекциялық шараға кірісті. Ең алдымен дернәсілдер даму көрсеткіші жоғары 32 көпқабаттылардың жертөлесін өндеумен айналысады.

 

-Өткен жылы дезинсекциялық жұмыстар уақытылы жүргізілмеді және соның салдары тиімсіз болды. Облыс орталығы мен қала маңындағы ауыл тұрғындары қансорғыштармен шіркейлерден зардап шеккен көптеген келіп түсті. Осы жылы Павлодар қаласында шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары уақытында жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Павлодарда жалпы 9 мың гектар аумақ өнделеді. Бұл 44 саябақ, 5 су қоймасы және Ертіс өзені жағалауы. Негізгі жұмыстар көктемгі су жіберуден кейін басталады. Қалаға қатысты ауыл аймақтардың әрбіреуінде мердігерлер анықталды. Бұл жұмыстарға бюджеттен қаражат бөлінді.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа