• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда су құбырында орын алған апат салдарынан адамдар үйлерінен шыға алмай қалды

Павлодарда су құбырында орын алған апат салдарынан адамдар үйлерінен шыға алмай қалды

Таңғы уақытта Ворушин, Краснодонская және Радищев көшелері Венецияға  айналды. Көпқабатты үй тұрғындарын кіреберістен шыға салысымен су қарсы алды. Аялдама, дүкенге жету үшін адамдар аяқ киімдерін сулауға мәжбүр. Апат салдарынан аудан толықтай судан ажыратылды.

 

- Балалар мәз шығар. Ал шындығында аяқ киіммен су кешуге мәжбүрміз, - деді маңаттағы тұрғындардың бірі.

 

- Суды кешіп өттім. Бәтеңкем суға толды. Енді аялдамада автобус күтіп тұрмын, - дейді павлодарлық.

 

- Диаметрі 800 мм құрайтын су құбырында ақау анықталды. Осыған сәйкес ауыз судан Ворушин көшесіндегі 6, 6/1, 8, 10 тұрғын үйлері. Сондай-ақ, Ворушин көшесіндегі Краснодонская көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралықтағы жеке үйлер судан ажыратылды. Уақытша, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Қазіргі уақытта, су құбырындағы қалдық су шығарылуда. Кейін мердігерлік ұйым кепілдік мерзімі аясында жөндеу жұмыстарын бастайды. Ол 1 тәулікке созылуы мүмкін деді әкімдікте. Тіршілік нәрінен ажыратылған үйлерге су жеткізу ұйымдастырылды.