• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда сынап шамдарды тастауға арналған темір жәшіктер жөндеуді қажет етеді

Павлодарда сынап шамдарды тастауға арналған темір жәшіктер жөндеуді қажет етеді

 

 

Шаһар ішінде мұндай 127 контейнер бар. Әлеуметтік желілерде олардың көбісі жарамсыз болып қалғанын жарыса жазуда. Қалалық әкімдікте сындырып, оларды жарамсыз ететін адамдардың өздері дейді.

 

Қала аулаларындағы қоқыс жәшіктері орналасқан аумақтарда мұндай тоқсары түсті контейнерлер көп кездеседі. Алайда олардың ішінде іліп аларлығы жоқ. Көбісі сынған, майысқан, бүлінген.

 

-Негізі тамаша ойлап тапқан. Оларды ешкім күтіп, жөндеп жатқаны көрінбейді. Кейде жай қоқысты да сонда тастап жатқанын көремін. Неге адамдар күтіп қарамайды түсінбеймін, -дейді қала тұрғыны Галина Золотарева.

 

Қазіргі таңда қаладағы мұндай темір жәшіктердің саны 127. Адамдар Павлодардың түрлі мөлтек ауданынан олардың сынып жатқанын көрсетіп бейнелерді әлеуметтік желіге жүктеуде. Биыл контейнерлерді жөндеуге 6 млн 720 мың теңге бөлінген.

 

-Бұл контейнерлердің құлыпы мен есігін сындырып, қабырғасы мен сөресін майыстырады. Мұндай жағдайларда қызмет көрсететін ұйымдар контейнерлерді жөндеп, сөрелері мен жәшіктерін және басқа да элементтерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Қазіргі уақытта 8 контейнер толық жөнделіп, қайта орнатылды. Тағы 10 контейнер жөнделуде,- деп мәлім етті Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Айта кету керек, осы жылы құрамында сынабы бар қалдықтарды жоюға 3 млн 472 мың теңге бөлінген. Айына кем дегенде екі рет оны тазартып, босатады. Осы уақытқа дейін 6500 ден астам шам жойылған.