Павлодарда тазалық айлығы қызу жүруде

Ткачев, 12 мекенжайының тұрғындары қызмет көрсетуші ұйыммен бірлесе сенбілік өткізді. Аулаларындағы қоқыстарды жинап тазалық айлығына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, көшеттерді де отырғызу жоспарланған.

 

- Мына сенбілікті бір айлық дегенді мен қолдаймын. Мен мына 10-шы үйде тұрамын. 11 жыл болды. Сол осы жылдары 140 түп ағаш салдық. Өз ақшамызға үш подьезге шланга алдық. 30 метрден жұмасына 2 рет су құйамыз. Кішкене қоқыс көбейсе біз жыл бойы тазалап отырамыз, - деді Ткачев көшесіндегі 10-үйдің тұрғыны Темірғали Әлжанов.

 

- Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қоқыстарды шығаруға арналған техникалар ұсынылады. Тиісінше арнайы полигон оны тегін қабылдайды. Бүгіннің өзінде 560 тұрғын үйдің ауласы тазартылды,- деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Жанат Тускеев.

 

Жаппай тазалық акциясы әлі де жалғасын табады. Бұл ретте мамандар, ПИК-тер мен шаһар тұрғындары белсене ат салысуда дейді. Ауқымды шара аясында биыл ең үздік аула байқауын өткізу көзделіп отыр.