Павлодарда тегін жер алу үшін 36 мың адам кезекте тұр

 Артық қағазбастылық пен әкімдіктерді аралап қажет емес. Сондықтан 1 наурыздан бері 12 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бірақ, су мен электр қуаты тартылған жер бөлігі әзірге тек Ақсу мен Екібастұзда ғана бар көрінеді.

Жер телімдерін ұсыну бойынша қазір тек кезекке тұрғызу жүргізілуде. Дайын алаңдар жоқ. Заңға сәйкес жер учаскесіне кем дегенде, су мен электр жүйесі тартылуы міндет, бұндай жағдай Ақсу және Екібастұз қалаларында жасалған. Сол жерде жер учаскелерін кезекпен беру қарастырылған. Жалпы облыс бойынша жер учаскесін алу кезегінде 36 мың адам тұр,- дейді Павлодар облысы жер қатыснастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев.

Жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ кез келген облыста жер теліміне өтінім бере алады.

Авторы:Дархан Бекишев