Павлодарда Теміртаулық қылмыстық топ ұсталды
Теміртау қаласының төрт тұрғыны біздің және Қарағанды облысында әрекет еткен. Қаскүнемдер VIN-кодтарды қайта соғудың және мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасауды жетік меңгеріп, пайда көрген. Теміртау тұрғындары көліктерді 2015-тен 2019 жылдары аралығында ұрлаған. Негізінен «Toyota» маркалы машиналарды сатқан. Оларға ұрлық, алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу деген бірнеше бап бойынша айып тағылды.
-Сот үкімімен М деген азаматқа қылмыстық топ құрғаны үшін 8 жл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал тағы бір сотталушы Г деген азаматқа бұрын қылмыс жасағанын ескеріп 8 жыл бір айға, ал К деген азаматқа 6 жыл 6 ай, Б деген азаматқа шығынды өтегенін ескере отыры 3 жылға қамау жазасы тағайындалды,- дейді Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.
Сотта жария етілмеген тергеу әрекеттерінің нәтижесі, куәгерлердің және жапа шегушілердің жауабын айғақ ретінде ұсынды. Айыпталушының үшеуі кінәсін ішінара мойындады, және өздерінің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатыстылығын жоққа шығаруды сұрады. Қаскүнемдердің бірі тіпті кінәсін мойындамады.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы