• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда теннистен Қазақстан чемпионаты ойындары өтуде

Павлодарда теннистен Қазақстан чемпионаты ойындары өтуде

Павлодар қаласындағы су жаңа «Jenimpaz» орталығында өтетін үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа жас спортшылар мен қатар еліміздің бетке ұстар мықтылары да келді. Жалпы 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 35-тен астам спорт шеберлері қатысуда. Жұлдызды ойыншылар Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова және Кирилл Герасименко да Павлодарға ат басын тіреді. Өңірімізде дамып келе жатқан спорт үшін, жасөспірімдер үшін бұл есте қаларлық дода дейді ұйымдастырушылар.

 

-Балалар өсіп жатыр ғой, Кирилл, Настя келді, елімізде бетке ұстар спортшылары. Оларға қарап өседі. Талаптанады. Кейін тіпті, оларға барып, кішкене сенімен ойнайыншы деген жастар бар екен. Артынан еріп келе жатыр, армандайды, мен де сондай боламын деп,- дейді жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Қарлығаш Ішкенбаева.

 

Теннисшілер медальдар үшін командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда бақ сынауда. Өткен жылғы біріншілікті триумфатор бойжеткені Сарвиноз Миркадирова биыл да жеңімпаз атану мақсатымен келіп отыр. Артып келе жатқан бәсеке де кедергі емес дейді.

 

-Өзім де өсіп жатырмын. Сондықтан көрінбейді кім бар артымда. Бірақ ойыншылар көбейіп жатыр, қуаныштымын оған. Бүгін екінші күн финал, кеше жеңіл болды. Бүгін командалық жарыс, қиынырақ, мықты спортшылар шығуда. Бірінші орын алуға әрекет етеміз,- дейді үстел теннисінен Қазақстан чемпионы Сирвиноз Миркадирова.

 

Қаламыздағы дүбірлі іс шара сәуір айының 10-шы жұлдызына дейін жалғасады. Көрем деушілерге «Jenimpaz» орталығының есігі ашық.

 

Авторы: Дархан Бекишев