• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда тінту жүргізіп, ақша ұрлаған топқа қатысты үкім шығарылды

Павлодарда тінту жүргізіп, ақша ұрлаған топқа қатысты үкім шығарылды

Сот ақпараты бойынша 2021 жылдың сәуірінде үш ер адам екі рет пәтерлерге басып кірген. Өздерін полицей ретінде таныстырып, бетперде тағып алып тінту жүргізе бастаған. Сонымен қатар үй иелерін ұрған. Бірінші жағдайда 850 мың тг, ал екіншісінде жалпы сомасы - 2 миллион 400 мың теңгеден асқан. Сот үкімімен барлығын басбостандығынан айырды.

- 58-бап 1,3-бөлімі негізінде қатаң жазаны барынша қатаң жазаға ауыстыру мақсатымен қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне 7 жыл он айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді судья.

Екінші айыпталушы 7 жыл 2 айға, үшіншісі 7 жылға абақтыға қамалды. Істе қылмыстық кодекстің қарақшылық, билік өкілі лауазымын өздігімен иемдену деген баптары бар. Сотталушылардың бірін танысының есірткі сатқаны туралы деректі полицияға хабарламағаны үшін жазалады.