• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда түнгі сағат 12-ден кейін жүретін жасөспірімдер көбейген

Павлодарда түнгі сағат 12-ден кейін жүретін жасөспірімдер көбейген

Жеткіншектер түнгі уақытта көбінесе Павлодардағы орталық жағажайда қыдырады екен. Мәселен, жуырда 13 жасар мектеп оқушысы ұсталды. Кейін полицейлер Баянауылдың баласына назар аударған. Жарты сағаттың ішінде кәмілетке толмаған 7 жасөспірімді ұстады. Әдетте, сау күйінде және заң бұзып жатқандарын түсінеді.

 

- Жай ғана қыдырып жүрміз деген сылтауларын айтады. Немесе мерекелік жиыннан келе жатырмыз дейді. Досымның туған күні болды дейді. Кейбіреулері жиналып, топ болып жүреді, - деді Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚ басшысы Арман Қаптаев.

 

 

Бірнеше күннің ішінде учаскіге 17 жеткіншек жеткізілді. Оқушылардан бөлек, студенттер де ұсталады. Тәртіп сақшылары олардың жасына қарайды. Заң бойынша 18-жасқа дейінгілер ата-анасыз қыдыра алмайды. Бұдан бөлек, кәмілет жасқа толмағандарға көңіл көтеретін орындарға баруға тыйым салынған. Осы аптада бақылау күшейтіледі. Балиғат жасына жетпегендер түнгі уақытта соңғы қоңырау мерекесіне ата-анасыз қатысқан жағдайда жауапкершілікке тартылады.