Павлодарда халықаралық шала туылған балалар күні аталып өтті
Осы мерекеге орай бүгін облыстық перинаталдық орталықта қонақтарды қабылады. Павлодарлық қолөнершілер мерзімінен бұрын туған сәбилерге сыйлықтар әкелді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодар облысында жылына 600-650 бала шала туады. Мұндай сәбилер аудандарда да дүниеге келіп жатса оларға облыстық перинаталдық орталықта күтім көрсетіледі. Салмағы 500 грамнан бір жарым килограмға дейінгі балалар реанимацияда жатады. Мұнда олар үшін арнайы жабдықтың көмегімен ана құрсағындағыдай жағдай жасалады: олар қолайлы температураны, ылғалдылықты сақтайды, оттегі мен тамақтануды қамтамасыз етеді.
- Мамалары, әкелері күніне екі рет келіп, кенгуру метода дейді. Бізде арнайы креслолар бар әке-шешесі таңертең кешке келіп, 30-40 мин даже 1,5 сағатқа дейін кеуделеріне алып, кенгуру методымен отырады. Бұл баламен ананың және бала мен әкенің ортасындағы байланысты нығайтады. Өмірдегі иммуниеттік деңгейін жоғарылату үшін,-деді Павлодар облысы перинаталды орталығының неонатолог дәрігері Қарлығаш Раисова.
Перинаталдық орталыққа демеушілер Халықаралық шала туған балалар күнімен құттықтап келді. Осыдан 9 жыл бұрын олардың балаларын осы жерде аман алып қалған, сондықтан шақалақтарға не қажет екенін өз тәжірибелерінен біледі. Дөрекі жүннен жасалған бас кіиімдер, кеудешелер мен шұлықтар теріні тактильді ынталандырады. Ал тоқылған ойыншықтар тыныштандырады.
Облыстық перинаталдық орталықтың реанимациясында 13 шала туған бала бар. Осы жылы ең кішкентай пациенттерінің салмағы 530 грамм болған екен. Қазіргі таңда ол үйінде, ата-анасының жанында.