• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Химқалашық ауданына жүретін автобустардың бағыты өзгерді

Павлодарда Химқалашық ауданына жүретін автобустардың бағыты өзгерді

Осыған байланыстыағымдағы жылдың 20-шы шілдесінен 19-шы қыркүйек аралығында «Блоговещенск шіркеуі» аялдамасынан «Жағалауға» дейін қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша шектеледі. 

 

- Осы орайда №9, 21, 22, 40-шы бағыттар Торайғыров көшесі бойымен қозғалыс кезінде автосалоннан бұрылып, Баян батыр көшесі арқылы жүрісін жалғастырады. Одан кейін Айманов көшесіне оңға бұрылып, «Жағалау» аялдамасына дейін жүреді. Әрі қарай өздерінің тиісті бағыттары бойынша қозғалады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Бұдан бөлек, бүгін Назарбаев даңғылы мен Естай көшелерінің қиылысында трамвай рельстерін жөндеу жұмыстары басталды. Аталмыш қиылыс автокөлік үшін уақытша жабылды деп мәлімдеді әкімдікте. Мерзімі 12-14 күнді құрайды.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа