• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Химқалашық ауданында коммуналдық апат орын алды

Павлодарда Химқалашық ауданында коммуналдық апат орын алды

Апат таңғы уақытта орын алды. Бұл кадрларды түсірген қала тұрғындары бастапқыда қар еріп жатыр деп ойлаған. Жер астынан шыққан су Айманов көшесіндегі №26-шы үйден жағажай аялдамасына дейін аққан. Белгілі болғандай, апат диаметрі 300 мм құрайтын құбырда орын алды.

- Бүгін таңғы сағат 8:30-да апаттық бригаданың пультіне Айманов көшесіндегі №26-үйдің қасында коммуналдық апат орын алғаны туралы хабарлама келді. Су жер астынан шыға бастаған. Оқиға орнына бірден апаттық бригада жіберіліп, олқылық пайда болған жер анықталды, - деді «Павлодар Водоканал» ЖШС бас инженері Дмитрий Башкиров.

Қазіргі уақытта, инженерлік желілерге қызмет ететін ұйымдармен келісім жүргізілуде. Кейін алпауыт қызметкерлері апат салдарын жоюға кіріседі. Мамандардың ақпараты бойынша бірде-бір көпқабатты судан ажыратылмады.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа