• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда заманауи бояу түріне 60 миллион теңге жұмсалмақ

Павлодарда заманауи бояу түріне 60 миллион теңге жұмсалмақ

Мамандардың айтуынша, оның тозу көрсеткіші жоғары және сақталу мерзімі жарты жылдан асады. Ал қазір басқа көшелерде қарапайым бояулар жағылуда. Биыл мердігер жол бойына белгілерді сызу жұмыстарын түнгі уақытта орындауда. Осылайша қаламызда көліктер кептелісін болдырмауда. Бүгінгі күнге дейін Торайғыров, Торговая, Лермонтов және Бектұров көшесінде жұмыстар аяқталды. Бояуға 85 миллион теңге жұмсалады. Ал термопластик материалымен жақын арада жұмыс істей бастайды. Ол үшін ауа температурасы кем дегенде +10 градустан жоғары болуы қажет. Тозу көрсеткіші жоғары материал Назарбаев даңғылында пайда болады.

 

  • Термопластикпен жұмыс істеу үшін жол жабыны түзу болуы керек. Ешқандай тастар және жарықтарсыз. Басқа жағдайда материал ағып кетеді. Қарапайым бояу жай ғана сырланса, термопластик қабат-қабатпен салынады. Жұмыстар кезінде барлығын бақылауға тырысамыз,- дейді мердігер Владимир Ковалев.

 

Заманауи материалға 60 миллион теңге жұмсалмақ. Бұдан бөлек, биыл бағдаршамы бар жаяулар жолындағы сызықтар өзгеріске ұшырайды. Ал қарапайым өткелдерге сары-ақ бояу жағылады.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа