• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда зейнеткер 24 миллион теңгесін алаяқтарға аудара жаздаған

Павлодарда зейнеткер 24 миллион теңгесін алаяқтарға аудара жаздаған

80 жастағы әйелдің айтуынша алаяқ оған хабарласып, өзін энергетикалық компания қызметкерімін деп таныстырған. Зейнеткер СМС арқылы келген кодты хабарлаған, кейін депозиттегі ақшаны шешіп аудармақшы болған деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Полицияда хабарлағандай алаяқтар өздерін энергокомпания қызметкерлері ретінде таныстырып қоңырау шалған. Сосын үйдегі есептеуіш құралды тексеріп, пломбалау туралы айтқан. Ол үшін 1414 қызметінен келетін кодты айтуды сұраған. Ештемеден күдіктенбеген әйел көрсетілген кодты жіберіп, банктердің біріндегі депозитте ірі сомада ақшасы барын айтқан.

 

Біраз уақыттан соң 80 жастағы әйелге банктен қоңырау түсіп, алаяқтар оның қаражатын иеленгісі келетінін сол себепті ақшаны «қауіпсіз есепшотқа» аудару қажеттігін айтқан. Кейін курьер келгенде оған ақшаны беруді сұраған. Зейнеткер еш ойланбастан өз депозитінен 24 миллион теңгені шешіп алып, оның 800 мыңын банк комиссиясы үшін төлеген. Сосын үйге келіп, әрі қарай не істеу керектігін күткен. Кейін ол бұл туралы өз құрбысына айтқан. Ол бірден учаскелік инспекторға хабарлаған.


- Барлығы телефон қоңырауынан басталды. Әрі қарай не істеп, не қойғанымды білмеймін. Тек полицияның жедел әрекеті мен менің құрбымның сақтығы арқасында менің бар ақшам өзімде қалды, - дейді Лидия Федоровна.

 

Полицияда атап өткендей қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қоңырау шалған алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілерді іздеу жалғасуда.

 

Фото: Freepik.com