• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жанар-жағармай бағасын көтергендерге шара қолданылады

Павлодарда жанар-жағармай бағасын көтергендерге шара қолданылады

Павлодар облысында 140 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелген екен, олардың тек 9 мыңға жуығы ғана газбен жүреді. Жаңа жылға дейін 110-125 теңгеден саудаланған газ, қазір бекеттердің барлығында 70 теңгеден босатылуда.

- Газдың арзандағаны жақсы болды. Әлдеқайда үнемді, - дейі павлодарлықтардың бірі.

Еске сала кетейік, елімізде коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай бағасын көтеруге 180 күндік мораторий енгізген болатын. Сол себепті барлық бекеттер қатаң бақылануда. Өнім құнын заңсыз көтеру туралы кез келген ақпарат тексеріліп, жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты бұзушылық расталған жағдайда ықпал ету шаралары қабылданады.

Авторы: Дархан Бекишев