Павлодарда жанармай тағы да қымбаттады

 Кей жанармай бекеттері АИ-92-ні 179 теңгеден, ал АИ-95-ті 205-2014 теңге аралығында саудалауда. Бұған күздегі дизельдік отын тапшылығының жағдайға әсер еткендігі айдан анық.

- Қолдан келер қайран жоқ. Баға өсе береді. Мұның бәрі қолдан жасалып отырған саясат секілді, - дейді жүргізушілер.

Биыл еліміздегі жанармайдың орташа бағасы 10 айдың ішінде 30 теңгеге қымбаттаған. Бұл ретте, осы аптада жергілікті мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын аяқтап, іске қосылғанын айта кеткен жөн.