Павлодарда жас ана бес баласымен саяжайда тұрып жатыр

Наталья мамандығы бойынша аспаз, алайда декреттік демалыстан соң әлеуметтік қызметкер болып еңбектеніп, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмектескен. Қазір өзі де қолдауды қажет ететін жағдайға тап болған. Небәрі 25 жасында 4 баласы бар. Жолдасын өткен жылы 10 жылға темір тордың ар жағына отырғызған. Енді қыздың сенім артатын ешкімі жоқ.

 

- Біз жалдаған үйді сатып жіберді. Содан соң пәтерлерде жүрдік. Қалада тұру өте қымбат, балаларға да ойнайтын орын жоқ. Оларды асырау үшін өзіме жұмыс істеуге тура келеді, мектеп бар дегендей. Мен бұл үйді хабарландырудан тауып көшіп келдім, - дейді Наталья Галенко.

 

 

Келіншектің 5 баласы бар, күйеуінің бірінші некедегі қызын да тәрбиелеп отыр. Осы аптада оны қамқоршылық органы алып кеткен. Алайда Наталья баланы отбасысына қайтару үшін құжаттарды дайындауда. Ешқайсысынан бас тартпаймын дейді. Тіпті қатты қиын болған жағдайда да. Қазір павлодарлыққа балаларын жалғыз қалдырып, жұмыс істеуге тура келеді. Ең кішісі 2 жаста. Амалы болмағандықтан көмек сұрауды шешкен.

 

 

- Қазір 4 балам бар, келесі аптада бесіншісін алып кетемін. Сондықтан кез келген көмектен бас тартпаймын. Қол ұшын созуға әрқайсысының жағдайы келе бермейді, алайда көмектескісі келетіндер бар болса қабылдаймын, - дейді кейіпкеріміз.

 

 

 Натальямен экранда көрсетілген нөмір бойынша хабарласуға болады. Айта кететіні, саяжайдағы үйді 35 мың теңгеге жалдап тұрады. Дәретханасы далада, ал су ұңғымадан. Өзі балаларына жағдай жасау үшін тырысады. Павлодарда тұруды армандамайды, тым болмағанда Кенжекөлден үй жалдасам дейді. Онда мектеп те, дәрігерлер де  жанында.

 

Байланыс телефоны: +7 747 379 69 91 — Наталья Галенко.