Павлодарда жас инспекторлар слеті өтті

 

 

Жол қозғалысының жас инспекторлары слетіне 120 оқушы қатысуда. 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар 12 командаға бөлінген. Кейбірі осымен бірнеше жыл қатарынан қатысуда.

 

-Бізде медик бар. Ол бізге алғашқы медициналық көмекке үйретті. Біз командамен знактарды жаттап, тест оқып, есімізде сақтап алдық,-дейді Аққулы ауданы ЖОБМ оқушысы Анель Иманқұлова.

 

-Біз түпкілікті дайындалдық. Саптық дайындықты меңгердік. Мәселен түрлі көмек құралдарын қалай басқару, барлық ережелерін біліп алдық. Түк қиын болмады,-деп жеткізді Жетекші ЖОБМ оқушысы Ильяс Гречушкин.

 

Слетті жыл сайын Павлодар облысының білім басқармасы ұйымдастырады. Балалардың қауіпсіздігі үшін.

 

-Аталмыш слеттің мақсаты қоғамның, балалар мен жасөспірімдердің назарын жол қозғалысы ережелерін білуге назар аударту. Балалардың жол көлік апаттарында жапа шегуінің алдын алу болып табылады,-деді Павлодар облысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Байғазинова.

 

Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындығын атап өтті. Жеңімпаздар республикалық слетте Павлодар облысының намысын қорғайды.