Павлодарда жас отбасыларға семинар-тренингтер өтуде

 

 

Соңғы уақытта еліміздегі ажырасу фактілері күрт көбейген. Олардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар. Отбасының ыдырауына көптеген жағдайлар себепші болады, ал жиі кездесетіндері-қаржының жетіспеушілігі мен жиі туындайтын жанжалдар. Осы саланың қыр-сырын меңгеріп жүрген мамандар ерлі-зайыптыларға бағыт-бағдар беруді қолға алған.

 

-Бұл тренингіде екі бағытта ақпараттандыру болады. Бұл психологиялық тренинг және қаржылай сауаттылық. Жалпы психологиялық тренинг бұл жас отбасыларды мәселелерді қалай шешуді үйретеді, және екінші тренинг қаржылық сауттылық. Мұнда отбасыдағы қаржыны қалай дұрыс сақтау керек. Сол жайлы болады,-деді NЕЕТ санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жандарбек Қабдыраш

 

Жастарға қаржы моделі арқылы үнемдеудің жолын көрсетті. Отбасылық бюджетті дұрыс жұмсау қағидаларын ұстанудың қағидаларын да атап өтті. Ал психолог маман практика негізінде жанжалдардың неден пайда болатынын айтып, мәселенің шешу жолдарына сілтеді. Бұл жастарға арналған жалғыз іс-шара емес. Айта кетсек, ақпанның 2-сі сағат 11.00-де орталықта бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Мұнда да қыз-жігіттерге басымдық беріледі