• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жатақханаларда өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өтті

Павлодарда жатақханаларда өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өтті

Бекмаханов 115 А мекенжайындағы жатақханада 60-қа жуық адам тұрады. Ғимараттың құрылысы өзгеше болғандықтан бөлмеде немесе дәлізде өрт басталса, тұншықтырғыш түтін қабатты бірден толтырады. Ал егер қосалқы есік жабық болса мұнда дәліздегі бір есіктен ғана шығу қиындық тудырады. Көбінесе тұрғындар дәліз бен баспалдақ алаңдарын түрлі заттарға толтырып қояды, бұл өрт кезінде қақпанға түсумен тең.

 

- Осы жатақхана бойынша айтатын болсақ кемшіліктер бар. Кемшіліктердің барлығын түсіндірдік жаңа бұл эвакуация жолдарында бөгде заттар тұрған. Ең бастысы өрт кезінде ол адамдардың шығуына кедергі болады,-деді Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Оразбек Уалиханов

 

Құтқарушылардың айтуынша жатақханаларда түрлі контингенттегі адамдар үнемі ауысып жататындықтан өрт қауіпсіздігі үшін ешкім бас қатырмайды. Әсіресе бөлме ішінде темекі тарту, ас дайындайтын плита қою, сонымен қатар олардың жиһазға жақын орналасуы жалынның әп-сәтте шығуына себеп болуы мүмкін.