Павлодарда жаттығу құралдарын неліктен күзде орнатуда?

Шенеуніктер жұмыстардың кеш жүргізілуі жыл сайын өткізілетін конкурстың кеш ойнатылғанына байланысты дейді. Сол себепті жаттығу құралдары мен стритворкаут алаңдарын күзде орнатуда. Бұған жергілікті бюджеттен 21,6 миллион теңге бөлінген.

- Ауа райы мұндай жұмыстарды орындауға қолайлы. Конкурстық шаралардың мерзімі созылды. Басқаша жағдайда жазда орнатушы едік. Биыл 10 аулада осындай заманауи кешендер пайда болды. Келесі жылы тағы 55 кешенге бюджеттік өтінім беруді жоспарлап отырмыз, - дейді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әсет Әбілтаев.

Биыл ТҮКШ бөлімі балалар алаңын орнатқан мекенжайларда келесі жылы осындай кешендер пайда болады. Сондай-ақ, тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге байланысты аулалар анықталады.