• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды

Павлодарда жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды

Бүгінде қала көшелерінің екі телімінде орнатылды. Алдағы уақытта технология өзінің тиімділігін көрсететін болса, қосымша тағы бірнеше жаяу өткел жабдықталады.

 

Жаңа проекциялық өткелдер Академик Сәтпаев және Астана көшелерінде орнатылды. Негізгі мақсаты жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алғашқы екі телімді таңдау себебі, онда жаяулармен оқыс жағдайлар көп орын алған.

 

- Әр жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыруға екі проектор және белгілердің астына екі проектор орнатылған. Олар жаяу жүргіншілер өткеліне жарық дәлізін жасайды. Проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдерінің артықшылығы – ауа-райының кез келген жағдайында (қар, жаңбыр) анық көрінеді. Түнгі уақытта 150 метрден асатын қашықтықтан айқын көрінеді. Қыста жолдарда термопластика немесе бояу түріндегі белгілерді қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде, осындай проекторларды пайдалану өте тиімді болып табылады,-дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Егер де технология өзінің тиімділігін көрсетсе, келесі жылы тағы 10 осындай проекциялық жаяу жүргіншілер өткелін орнату жоспарлануда.