Павлодарда жаяу жүру мүмкін емес дейді тұрғындар
Көлік жүргізушілері жолдарды тазарту уақытылы әрі жақсы жүргізіліп жатыр десе, жаяулар мәселенің бар екенін айтуда. Көбіне аулалардағы қар тазалау жұмысына наразылық көп.
- Жүруге өте ыңғайсыз, - дейді қала тұрғыны.
- Түнгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл 4 тиегіш және қарды шығаруға арналған 18 жүк машинасы. Бүгін таңғы сағат 06:00-ден қала көшелерінде 17 арнайы құм шашқыш көлік, сондай-ақ, қарды шығаруға арналған 80 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде,-деп мәлімдеді Жансерік Қапзолла.
Қар тоқтаған соң қала көшелеріне 40-тан астам сыпыру-жинау көліктері жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, жол жиектерін, аялдама павилиондарын және жаяулар өткелдерін тазартуға 200-ден көп адам жұмылдырылды.