• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жазда ыстық сусыз отыратын мекенжайлардың тізімі белгілі болды

Павлодарда жазда ыстық сусыз отыратын мекенжайлардың тізімі белгілі болды

Қазірдің өзінде пәтер иелерінің көбісі баспаналарына су жылытқыштарын орнатқан. Ұйымдастырылған жиында қайнақ болмауының басты себептері талқыланды. Ең алдымен бұл желілердің тозуы, жөндеу жұмыстары көлемінің аздығы, жылу қуатының тапшылығы сынды мәселелер.

 

  • Олардың 11 көпқабатты үйі №31 жылу магистраль құрылысы жалғасуына байланысты қайнақсыз болады. Жөндеу жұмыстары кем дегенде 5 айға жалғасады. Ал тағы 31 көпқабатты үй жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 4 айға дейін қайнақсыз болады. Бұл Павлодардағы жалпы тұрғын үй қорының 3,3 пайызы ғана. Қалған үйлер ыстық судан кем дегенде екі айға дейін өшіріледі,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Күрделі жөндеу және жылу магистралінің құрылысына байланысты 42 көпқабатты төрт-бес айға жуық қайнақсыз болады. Олардың тізімі алдын-ала белгілі. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 10 шақырымнан астам орамішілік желілерді жөндеу жоспарланған.

 

- Жалпы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталады. Барлығы ауа райы және температуралық кестеге байКүрделі жөндеу және жылу магистралінің құрылысына байланысты 42 көпқабатты төрт-бес айға жуық қайнақсыз болады. Олардың тізімі алдын-ала белгілі. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 10 шақырымнан астам орамішілік желілерді жөндеу жоспарланған. ланысты. Өткен жылы сәуір айының ортасында аяқталған. Кейін бірден гидравликалық сынақтар басталады. Желілердегі апаттардың саны 500-ден аспауы тиіс деген болжам жасалуда. Біздің міндет барлық олқылықтарды 1,5 айдың ішінде жою,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Сондай-ақ, жиын барысында алдағы жоспарлар туралы сөз қозғалды. Әкімдікте 2027-ші жылға дейін орамішілік желілердің 127 шақырымын жаңартуды көздейді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа