• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жағалаудағы дәмхана павильондары құрылысы желтоқсанда аяқталады

Павлодарда жағалаудағы дәмхана павильондары құрылысы желтоқсанда аяқталады

Жағалаудағы жылдам тамақтануға арналған дәмханалар құрылысы қарашада аяқталуы тиіс еді. Алайда жұмыстар ұзаққа созылды. Барлық қажетті коммуникациялар тартылған, сол себепті ауа райы оларды орнатуға кедергі емес. Аумақты тегістеп, кеспе тас төсеген. Кәріз жүйесі мен жарықты да тартқан. ТҮКШ бөлімінде бүгін тапсырылуы тиіс нысан құрылысы неге кешігіп жатқанын түсіндірді.

 

-Материал түрлі аймақтан жеткізіледі. Онда металл ғана емес, шыныдан жасалған түрлі элементтер бар. Барлығы түрлі орыннан алынады. Түрлі қаладан жеткізіледі. Оның ішінде РФ да бар,-дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Естеріңізге сала кетейін, жағалаудағы тамақ ішетін аймақ орнату үшін 127 миллион теңге бөлген. Бұл ақшаға қалада тағы үш сауда орны ашылады. Қазір Ертістің жағасындағы дәмхана үшін павильондарды дайындауда. Ауар райы кедергі емес дейді шенеуніктер. Жұмыстарды желтоқсанның соңына дейін аяқтайды. Одан соң оларды сенімгерлік басқаруға береді.