• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жаңа бағдаршамдар көрші елден уақытында жеткізілмеу салдарынан орнатылмауда

Павлодарда жаңа бағдаршамдар көрші елден уақытында жеткізілмеу салдарынан орнатылмауда

Естеріңізге сала кетсек, биыл 12 қиылыста жаңа электронды реттегіш пайда болуы қажет еді.

 

Оған 165 миллион теңге бөлген. Сонымен қатар мектептердің жанында жаяуларға арналған электронды реттеуіштерге 13 миллион бар. Алайда әрі орнатылмаған. Мердігер аяз түскенге дейін коммуникация тартып, бетонмен құйып тастаған. Тек шамдарды ұзақ күтіпті.

 

- Бізбен ғана келісімшарт жасалды. Конкурстық рәсімдер өткенше жыл соңы болды. Жабдықты жеткізу ұзаққа созылып кетті. Барлық бағдаршамдар бізге Ресейден жеткізіледі. Бағдаршам бағандары да ұзақ дайындалады, - деді мердігерлік ұйым өкілі Аян Хамитов .

 

Барлық бағдаршамдар секундомермен болмақ. Оларды Ворушин — Радищев, НұрмағамбетовЖібек Жолы, БектұровЕдіге би, ТолстойДүйсенов, Толстой — Кіші айналма, ТолстойБұқар Жырау, Нұрмағамбетов — Минин, Ломов — Жібек Жолы, Российская — Щедрин, ЕстайБұқар Жырау қиылыстарында, сонымен қатар Толстой көшесінде экономикалық тергеулер департаменті жанына және Нұрмағамбетов көшесіндегі «Даниял» дүкені жанында орнатуды жоспарлаған. Әзірге жұмыстың тек жартысы орындалыпты. Мердігердің айтуынша күні кем дегенде бір қиылысты жарықтандыруда. Айта кету керек, коммуналшылар 2023 жылы қала ішінде одан да көп электрондық реттеуші қоюды жоспарлап отыр.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы