Павлодарда жаңа спорт алаңы пайда болды

Заманауи спорт кешенінде стритворкаутпен қатар, стритбол ойнауға болады. Ол «Қазақстан Халық Банкі» және Торайғыров университеті арасындағы әлеуметтік және білім саласындағы серіктестік мемарандумы аясында пайда болды. Шаһар басшысы ашылу салтанатына келген қала тұрғындарымен бірге, сапасына жоғары баға берді.

 

- Алаңның сапасы керемет. Жаңа болғандықтан мұндағы жаттығудан ләззат алуға болады. Доп лақтыратын шеңберлердің биіктігі әртүрлі. Ерлермен қатар, арулар да ойнай алады, - деді Александр Фергалюк.

 

Алаңды «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы демеуші ретінде сыйға тартты. Бүгінде компания өкілдері салауатты өмір салтын ұстанатын павлодарлықтарды қуантуда. Кез келген қала тұрғыны бос уақытта мұнда келіп, доппен ойнай алады.

 

- Торайғыров университеті бірнеше жыл бойы біздің серіктесіміз болып табылады. Наурыз айында «Halyk Bank» және білім Министрлігі әлеуметтік және экономикалық саладағы серіктестік туралы мемарандумға қол қойды. Біз Торайғыров университетімен келісімге келіп, осындай жобаны жүзеге асыруды шештік, - деді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы Ернар Айтжанов.

 

Сондай-ақ, командалардың біріне «Halyk Bank»-тың ойын формасы табысталды. Аталмыш алаң күн ыстығына қарамастан аса танымалдылыққа ие болатыны сөзсіз.