Павлодарда жеке сектор тұрғындары жылусыз отыр

Жылыту маусымы басталған сәтте адамдарға уақытында жылу берілді. Алайда, 17 отбасының қуанышы көпке созылмады. Бүгінде тұрғындар электр жылытқыштарын тәулік бойы қолдануға мәжбүр. Олар мәселенің шешімін тауып, тезірек жылу беруді талап етуде. 

-Соңғы екі аптада үйімізде жылу жоқ. Мәселе бойынша барлық инстанцияларға хабарластық. Жылу желілерінде бізге себебін өздерін табыңдар деді. Біз маман емеспіз, оны қалай табамыз? Жаз бойы әрбіреуіміз тораптарымызды дайындап, актілерді алдық. Қазір аязды күндер келіп қалды. Үйдің іші мұздай. Көмек сұраймыз, - дейді Путейская көшесіндегі №50-үйдің тұрғыны Қадырхан Қайырбаев.

-Мәселе бірнеше жыл көлемінде шешілмей келеді. Қазір үйіміз суық. Электр жылытқыштарын тәулік бойы қолдануға мәжбүрміз. Кейін үлкен сандар жазылған түбіртектер келеді. Берілмеген жылу үшін де ақша төлейтін шығармыз, - дейді Путейская көшесіндегі №48-үйдің тұрғыны Валентина Александрова.

Энергетикалық компания өкілдері Путейская көшесінде ешқандай ақау орын алмағандығын алға тартты.

- Путейская 46, 48, 50, 52 мекенжайларына тиесілі жылу желілерінде ақау жоқ. Тұрғындардан жылудың жоқтығы бойына келген шағымдар, тұтынушылардың жеке желісіндегі  реттеулік босау салдарынан болуы мүмкін, - деді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

Бүгінде алпауыт мамандары сорғы құралдарын орнатқандарды анықтауға кірісті. Ереже бұзғандарға заң бойынша ешқандай шара қолданылмайды. Жылу берушілер тек құрылғыларды алып тастау туралы нұсқаулық қағазын бере алады.