• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жертөледен өрт шыққан үйдің құбырлары жарамай қалған

Павлодарда жертөледен өрт шыққан үйдің құбырлары жарамай қалған

Қызмет көрсетуші ұйым тілсіз жаудың зардабын жоюда.

 

- Күйген заттар мен қоқыстарды шығарудамыз. Электр желісін қалпына келтіруге тырысудамыз. Жылу беру құбырлары зардап шеккен жоқ. Су құбыры ғана жанып кетті. Тұрғындардан пәтерлерімізге күйік иісі келді деген шағымдар келіп жатыр. Шамамыз келгенше өрт зардабын жоюдамыз, - дейді қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері Иван Эрих.

 

- Көпқабатты үйдің жертөлесінде жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрайтын өрт орын алды. Оқиға орнында 1971-ші жылы туған ер азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі таңда арнайы сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Материалдар солтүстік ішкі істер бөліміне жолданды, тиесілі процессуалды шешім қабылданады, - дейді Павлодар қаласы ТЖБ басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.

 

Төтеншеліктер өрт кезінде көпқабатты үйдің 50 тұрғыны эвакуацияланғаны туралы мәлімдеді. Қазір оқиғаның шығу себептері анықталуда.