• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жол апатына түскен ер адам өзіне келтірілген зиянды өндіріп ала аламауда

Павлодарда жол апатына түскен ер адам өзіне келтірілген зиянды өндіріп ала аламауда

Абай-Горький көшелерінің қиылысындағы жол көлік апатында үш адам жапа шекті. Сол кезде полицияда Ладаның жүргізушісі жол бермегенін айтты. Кірпіш қоршау үстіне құлаған адам мен шетел көлігінің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Солардың бірі - Мақсұт Сәрсенов. Ол өз көлігін қалпына келтіре алмай жүр.

- Көліктің алды жоқ. Қозғалтықышы да жылжып кеткен. Майы ағып жатыр. Көліктің сау тамтығы қалмаған, - деді МақсұтСексенов.

Мақсұттың айтуынша «Лада»-ны 21 жастағы жігіт басқарған. Оның жүргізуші куәлігі де сақтандыру құжаты да жоқ. Апаттан кейін онымен кездескен. Алайда түк келісімге келе алмапты. Шетел көлігінің жүргізушісі сотқа жүгіну қажеттігін біледі. Алайда, жол көлік апатының екінші қатысушысы кінәсін мойындағаны туралы шешім әзірге жоқ.

- Іс бойынша нәтиже жоқ. Оның кінәсін анықтау үшін әкімшілік сот қашан болатыны белгісіз, себебі маған келтірілген шығын әлі төленбеді, - дейді ол.

- Жол көлік апатында зардап шеккен адам толық емделген соң ғана денсаулыққа зиян келтіру дәрежесі анықталады. Содан кейін ғана жүргізушіге қатысты соңғы процессуалдық шешім қабылданады, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Полицияда шетел көлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттаманы тосудың қажеті жоқ деді. Тергеуді қылмыстық іс аясында жүргізеді. Ал Мақсұт Сәрсенов барлық жапа шегушілерді ауруханадан шығарғанын айтады.