Павлодарда жол-көлік апатынан ескерткіш зақымдалған
Жиектаспен қоршалған саябақ аумағына темір тұлпардың қалай өтіп кеткендігі белгісіз. Жергілікті тұрғындар болса, бұған вандализм емес, жол көлік оқиғасы себеп болғандығын атап өтті.
- Жедел жәрдем мен полиция шамдарын ғана көрдім. Қызым болса, көлік ескерткішке соғылып тұрғанын байқағандығын айтты. Түнгі мезетте орын алды,- тұрғындардың бірі.
- Жақын арада коммуналдық қызметтер мен ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Жол көлік оқиғасы орын алғандығы анықталды. Жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқара аламай, ескерткішке соғылған, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
46 жасар ер азамат медициналық көмекке де жүгінген. Сол кездегі комендаттық сағатта, жолда жүру себептері нақтылануда. Көлік айып тұрағына қойылып, иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.