Павлодарда жолақы қымбаттайды

Жыл соңына дейін Павлодардың қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізуді жоспарлайды.

Жыл соңында енгізілетін жаңашылдық бойынша жол жүру құны 130 теңгені құрайды. Ал электрондық төлем жүргізу кезінде биелт құны өзгермейді - 80 теңге. Осыған байланысты павлодарлықтардың ойы екіге бөлінді. Біреулері қиналмай картамен төлеп жүрміз десе, екіншілері көнеміз ғой, қайда барамыз дейді.

Тамыз айында республика бойынша сараланған тариф енгізілген облыс орталықтары бұл Өскемен, Орал қалалары қоғамдық көліктердің және электрондық билеттеу жұмысының тәжірбиесі алдын-ала зерттелді. Естеріңізге салсақ, 80 теңге көлеміндегі тариф 2017-ші жылы бекітіліп, содан бері өзгермеген. Шенеуніктердің айтуынша, бүгінде ол автокәсіпорындардың қызметіндегі шығындарын жаппайды. Электронды картасыз жолақы 130 теңге болады.

- Жеңілдік берілетін санаттар қалай болды солай қалады. Оқушылар бізде тегін жүреді. 1-ші 2-ші санаттағы мүгедектер тегін жүреді. Бірақ бұл жерде зейнеткерлерге қатысты бір сұрақ туындап отыр. Егер де біз мұны 40 теңге деп қалдырсақ, карточканы қолданумен 40 теңге және ақылы түрде 40 теңге болса, бұда осы электронды жүйені қолдануға зейнеткерлер тарапынан ешқандай қызығушылық болмайды, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

Осылайша, шенеуніктер электронды билеттеу жүйесін пайдаланатын тұрғындардың санын арттырмақшы. Сәйкесінше қаражатты көлеңкелі айналымнан шығарып, тасымалдаушылардың кіріс бөлігін көрмек. Бүгінде барлық тасымалдаушылармен жалғыз біріңғай оператор жұмыс істейді. Алғашқы жарты жылдықта қоғамдық көлікпен 9,1 млн жолаушы тасымалданды. Оның 41,8 пайызы қолма-қол төлесе, электронды картаны павлодарлықтардың 58,2 пайызы қолданды.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа