Павлодарда жолақы қымбаттауы мүмкін
Әкімдікте алдағы уақытта барлық автобус пен трамвайларда дифференцияланған тариф енгізілуі мүмкін екендігін айтты.
- Электрондық билеттеу нақты жолаушылар ағынының есебін анықтауға, тегін және жеңілдетілген санаттағы сапарлардың санын одан әрі айқындап, осы бағыттарды субсидиялауға және есептеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі тасымалдаушылар алатын ақша қаражатының айналымын айқын етеді, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің маманы Жансерік Қапзолла.
Мәселе қазан айының соңына дейін шешімін таппақ.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы