Павлодарда жолақыны төлемегенге 2 АЕК айыппұл салынады
Бүгінде автобустарда 3 маман тексеріс жүргізеді. Жолаушыда билет болмаған жағдайда әкімшілік жаза қолданылады. Айыппұл соммасы 2АЕК-ті құрайды.
- Кондукторлар билет бермесе не істейміз? Сонда кім кінәлі болады?, - дейді Павлодар тұрғындарының бірі.
Компания өкілдері бақылаушылардың бір тәулік жұмыс қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшамен төлеген жолаушылардың 70 пайызы кондуктордан билет сұрамағаны туралы айтты.
- Әзірге біз тестілік тәртіпте жұмыс жасаудамыз. Бақылаушылар тек ескерту жасай алады. Келесі аптадан бастап полиция қызметкерлерімен бірге тексеріске шығамыз. Билет болмаған жағдайда айыппұл салынады. Сондай-ақ, билеті жоқ адамды тасымалдаған үшін кондуктор немесе көлік жүргізушісіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - дейді «Смарт автобус ПВ» ЖШС техникалық директоры
Талғат Тоқтағанов.
Айта кетсек, бүгінге дейін қоғамдық көлікте жүруге арналған 34 мыңға жуық карта қолданысқа берілді. Олар 4 санатқа бөлінеді: қарапайым, мектеп оқушылары, зейнеткерлер және әлеуметтік осал топтары үшін.