• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жолақының дифференцияланған тарифін келесі жылы енгізеді

Павлодарда жолақының дифференцияланған тарифін келесі жылы енгізеді

Бүгінгі күні электрондық билеттеу операторлары азаматтардың әртүрлі санаттарына 30 мыңға жуық көлік картасын іске асырған. Қаладағы жеңілдікті санаттағы азаматтарды, оның ішінде оқушылар мен зейнеткерлерді толықтай қамтамасыз ету үшін тағы 60 мыңға жуық картаны өткізу қажет.

- Карталарды сату нүктелерінде адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігімен қоғамдық көлікте дифференцияланған тарифты енгізу мерзімін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, - де ді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Сол уақытқа дейін қоғамдық көлікте электрондық билеттеу әдеттегі қолма-қол ақшамен төлеумен қатар қолданылатын болады. Шараны енгізу мерзімін шегертілуі қала тұрғындарының көп бөлігі аталмыш карталарды сатып алуға үлгеруі үшін және тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жасалуда.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа