Павлодарда жыл басынан бері 700 қаңғыбас ит ұсталды
Айтуынша бұған жауапты мамандар жұмыстарын толық аяқтамаған. Қаңғыбас иттерді күнделікті кездестіретін тұрғындар олардың топтап жүретінін айтуда. Сондықтан бұл адамдар үшін екі есе қауіпті дейді. Полиция қызметкерлері жануарлардың жауапсыз иелеріне жаза қарастырылғанын еске салады.
-Ішкі істер қызметкерлері қараусыз қалған ит иелерін жауапқа тартады. Мысалы, қарғыбаусыз жүру, тұмсықсыз жүру тәртібін бұзу. Бұл меншік иелері ҚР Әкімшілік кодексінің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл баптың санкциялары жануардың иесіне ескерту немесе айыппұл салу болып табылады, - Павлодар қаласы ЖПҚ ПБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы ДәуренНұржанов.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, шағымдар көбінесе жеке сектор тұрғындарынан түседі. Иттерді ветеринарлық станция мамандары ұстайды. Тек агрессивті жануарларды ұйықтататындарын айтты. Айта кететіні, павлодарлықтардың да аулау қызметіне қатысты шағымдары бар. Бұл кадрлар редакциямызға жіберілді. Ер адам мойнына ине қадалған төртаяқтының өлігіне тап болды.
-Біздің әріптестер жақын арада ол ауданға барған жоқ. Сондықтан бұл итті нақты кім атқанын айта алмаймыз. Өйткені қазіргі уақытта ветеринарлық дәріханаларда бұл дротиктарды әр адам бос сатып алуға құқығы бар,- Павлодар облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Абдрахманов.
Ветеринария мамандары биыл қаңтар айында жеті жүзге жуық ит ауланғанын айтты. Алайда олар екінші наурыздан бастап жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң күшіне енетінін еске салды. Күрделі өзгерістер болады.
Авторы: Арнагүл Исабекова