Павлодарда жылу магистралін жаңарта бастады
Кривенко көшесінде құбыр диаметрін 400 мм-ден 500-ге дейін үлкейтпек. Қыс мезгілінде аталмыш ауданда жылу жетіспеушілігі орын алған болатын. Жағдай қайталанбас үшін құбырларды жаңартуға кірісті. Кейін қазба жұмыстары Абай көшесінде жүргізіледі. Осыған байланысты қоғамдық көліктің жүру бағытына өзгерістер енгізілді.
- 115-ші маршрут қоғамдық көлігінің жүру сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыт алған жағдайда, Назарбаев даңғылынан оңға бұрылып, Қайырбаев көшесіне шығады. Одан әрі солға бұрылып, Қабдеш Нұркин көшесіне шығады. Ары қарай тиісті маршрут бойынша. Бұл әзірге уақытша сызба. Ары қарай аталмыш маршруттың сызбасына тағы да өзгерістер енгізілетін болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Жылу магистралінің 1 киллометр 465 метрі жаңартылмақ. Оған 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады.

