Павлодарда жылу маусымы басталды

Бүгіннен бастап энерго орталықтары жүйені толтыра бастады. Ал тұрғын үйлерге жылу қыркүйектің 23-інен бастап беріледі.

 

- 15-ші қыркүйек күні қала әкімінің қаулысына қол қойылды. Бұл қаулыда ағымдағы жылдың 16-шы қыркүйегінен бастап әлеуметтік нысандарға балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау ұйымдарға жылу берілетін болады. Егер де 16-шы қыркүйекте жылу берілетін болса, ол бір мезетте барлық жерге жылу беріледі деген сөз емес, ең алдымен бұл бір айдың ішінде жұмыстар жүргізіледі, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалиақпаров.

 

Бүгінде Павлодардың кейбір аудандарында жылу магистралінің жөндеуі жалғасуда. Барлық жұмыстар қазанның біріне дейін аяқталу қажет. Айта кетсек, бүгінде 257көпқабатты үй қайнақ сусыз отыр. 

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа