• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жылу маусымы басталысымен тариф құны төмендетіледі

Павлодарда жылу маусымы басталысымен тариф құны төмендетіледі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізген тексеріс кезінде жылумен қамтамасыз етуші ұйым тарапынан негізсіз өндірілген қаражаттың болғандығы анықталған. Сома 1 миллиард тенгені құраған. Бұл ретте, алпауытқа тарифті төмендету сұранымы жіберілген. Енді жылыу маусымындағы бағалар осындай болмақ. 

 

- Жылыту маусымы басталысымен тариф 158 теңгеге арзандайды. Яғни, қосымша құн салығын қоспағанда әрбір гкал үшін 1982 тенгеден 1830 тенгеге түседі. Ал қосымша құн салығымен бұл сома 2049 тенгені құрайды, - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

 

Ал тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуші ұйымға 3 айдан астам уақыт көлеміндегі қарызы 369 миллион тенгені құраған. Оның 184 миллионы жеке азаматтардікі болса, 185 миллионы заңды тұлғаларға тиесілі. Ибрагим Тангиевтің айтуынша, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы тарифтер өзгеріссіз қалады. Өйткені, ол жерден бағаларды өзгерту туралы ешқандай ұсыныс түспеген. Бұл арқылы өңіріміз ел көлеміндегі жылу бағасының төмендігі бойынша алдыңғы қатарға жайғаспақ.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан