• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда жылу маусымын аяқтау тағы да кейінге қалдырылды

Павлодарда жылу маусымын аяқтау тағы да кейінге қалдырылды

 Павлодар жылу желілерінің сынақ жұмыстары алдында хабарланғандай сәуірдің 19-ы емес, 26-на ауыстырылды. Бұл туралы алпауыт ұйым мәлім етті. Осылайша, ағымдағы айдың соңғы 5 күнінде 1-ші және 2-ші жылу энергоорталықтарына қатынайтын тұрғын үйлерде ыстық су мен жылу болмайды. Бұл - Павлодардың оңтүстік және солтүстік  бөлігіндегі аумақтар. Ал сынақтардан бөлек, жалпы жылыту маусымын мамырдың 1-і аяқтау жоспарлануда.

 

- Қала әкімдігі жылу желілері ұйымымен бірлесе, жылыту маусымын аяқтау мерзімін кейінге ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Бұл ауа райы болжамы бойынша күрт суытуға және тұрғындардың маусымды ұзарту жөніндегі өтініштеріне байланысты, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Ал павлодарлықтардың көбісі биылғы жылу маусымы әдеттігіден бөлек болғандығын айтады. Қыста жылу жетіспеушілігі де жүйелі түрде орын алған.

 

- Зейнеткерміз, коронавирус деп үйден шыққан жоқпыз. Ал үйде жылдағыдан кішкене салқын болды. Жылу ешқашан бұндай болмаушы еді, биыл салқындау болды, - деді Павлодар тұрғындарының бірі.

 

Айту керек, маусым басталғалы павлодарлықтардан жылу жетіспеушілігі бойынша 1227 өтініш келіп түскен екен. 212 дерек расталып, 7 миллион теңгеге жуық соммаға жылу энергиясы бойынша төлем ақыны қайта есептеу жүргізілген.