Павлодарда жылу қашан ажыратылады?

Батареялар салқындаған сәттен бірден жоғары температуралық сынақтар басталады. Шаһар басшысы жылуды қашан ажыратуға болатыны туралы айтты.

-Үш төрт күн бойы ауа температурасы +8 болған жағдайда жылуды ажыратуға болады. Біз бұл жиналыстан кейін мерзімді талқылайтын боламыз. Алдын-ала мерзімі 11-ші сәуір деп жоспарлап отырмыз. Біз температураны күнделікті бақылап отырмыз. Бүгін мысалы күндіз +20 градус. Әрине, тұрғындар жылу үшін артық төлем жасағысы келмейді. Біз оларды түсінеміз,- дем мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

-Тұрғындардың кейбір бөлігі қашан сөндіреді десе, басқалары күте тұруын сұрайды. Сол себепті мұнда барлық нормативтер мен кеңестер назарға алынуы қажет. Жылыту маусымының аяқталуы алдында осындай жиын өткізіп отырмыз,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Өткен жылы қолданысқа берілген жаңа магистральдер толық көлемде сынақтан әлі өтіп көрмеген. Сол себепті Дачный және Усолкадағы желілер барлық температуралық сынақтарға дайын болуы қажет. Аймақ басшысы жиын соңында барлық барлық тексеріс жұмыстары желідегі апаттардың алдын-алу мақсатында жасалып жатыр деп мәлімдеді.

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа