Павлодарда жылқы етінің келісі 3000 теңгеден асып кеткен

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бір жыл ішінде Павлодар облысындағы ет бағасының өсімі 8,6% құрады. Сапалы қой немесе сиыр етінің құны 2000-ден теңге төмен табу қиындау. Ал жылқы еті тіпті қымбат. Желтоқсан айында сұраныс артқан кезде, баға төмендеймейтіні айдан анық дейді павлодарлықтар.

- Соңғы рет 2-3 күн бұрын алдым 3200 теңге болды. Бізге қымбаттау, сахар болған соң сиыр етін жей алмаймыз, - дейді павлодарлықтардың бірі.

- 2300 теңге. Ал базарда 2500-3000 теңге. Былтыр жылқы етін алғанмын. Соны жаңа жылға сақтап жүрмін. Биыл да алу керек, не болса да. Қымбат болса да, біз қазақ етке үйренгенбіз ғой, - деді тағы бір қала тұрғыны.

Облысымызда еліміз бойынша ең арзан болып саналатын ет өнімдері, республикалық орташаға бағаларға жақындай түсті. Ет бағасының артуына қыс алдында соғым сою науқаны да әсер етпек.

 

Автор: Дархан Бекишев