Павлодарда жүргізуші куәлігін алу шарасы қиындады

Аталған жаңашылдық жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Жаңашылдық наурыздың 9-нан енгізілді. Бұл процесті барынша ашық етуге септігін тигізеді.

 

  • Бұл бөгде адамдардың емтихан тапсыруын болдырмауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі жетілдіріліп отырады. Бірінші кезекте олар қолжетімді әрі қауіпсіз болуы керек, - «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының PR менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

 

Теориялық емтихан басталғанға дейін үміткер биометрия арқылы жеке басын сәйкестендіруден өтеді, яғни оның фотосуреті жеке куәліктегі суретпен салыстырылады. Сондықтан бөтен адамдар емтихан тапсыру кабинетіне кіре алмайды. Жалпы жыл басынан өңірімізде 350-ден астам адам жүргізуші куәлігін алғаш рет алған.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова