• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда зират басында қоқыстарды тастап кеткендерге айыппұл салады

Павлодарда зират басында қоқыстарды тастап кеткендерге айыппұл салады

Мұнда 90 мыңға жуық адам жерленген. Олардың жақындары келіп, жатқан жерлерін жиі тазалап, тіпті жөндеу жұмыстарына дейін жүргізеді. Алайда өздерінен кейін қоқысты үйіп шығармайды дейді зиратқа жауаптылар. Мысалы біреулер жерленгендердің бірінің ескі ескерткішін жаңасына ауыстырамыз деп шешіп, тастап кеткен.

 

- Зиратты күту ережелерінде өз жерлерінде қандай да бір жұмыстар жүргізсе, өздерінен кейін қоқысты арнайы орынға шығаруға міндетті. Бұл ережеде жазылған. Біз тек жүретін жолда, тек бұтақтар, жапырақтар құласа жинауымыз керек. Біз бұл жұмыстарды атқарамыз, - деді «РИДО» ЖШС директоры Анатолий Конвишер.

 

Зират жұмыскерлері өз міндеттерімен қатар өзгелерден кейін де жинауға мәжбүр. Бөлінетін қаражатқа алақол адамдар үшін он есе артық жұмыс атқарамыз дейді. Күнделікті зират аумағынан кем дегенде 10 көлікке дейін қоқыс шығарылады. Аталмыш мәселе бойынша жергілікті полиция қызметінде тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

 

- Қазіргі кезде біздің полиция қызметкерлерімен осы зират басында тексеріс жүргізілуде. Сол тексеріс барысында жауапты тұлғаларды анықтап жауапқа тартамыз,  - деді Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚ басшысы Арман Қаптаев.

 

Бұл ретте жеке тұлғаларға ескерту немесе 30 АЕК дейін, ал мердігер ұйымға 100 АЕК көлеміне дейін айыппұл қарастырылған.