Павлодарда зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы өтуде

 

 

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Павлодар ауданында үй бұзақыларына 170-тен астам қорғау нұсқамасын шығарған. Полицейлердің айтуынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша шаралар жиі өткізіледі. Осы аптада 16 күн зорлық-зомбылықсыз науқаны аясында кезекті рет тізімдегі отбасыларды аралауда.

 

Облысымызда «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы бастау алды. Бұл ретте Павлодар ауданында әйелдермен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен шағымдарын тыңдауда. Дөңгелек үстел басында қара күштің құрбанынан қалай сақтану керектігі туралы айтты.

 

-Аудан бойынша полиция қызметкерлерімен 170 қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ Павлодар қаласының мамандандырылған сотымен 50 тұлғаға қатысты ерекше талаптар қойылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73 бабы бойынша 130 азаматқа әкімшілік іс сотқа жіберілді,-деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің ювенальды полиция инспекторы Әлия Тоқтарбаева.

 

Айта кету керек «16 күн зорлық-зомбылықсыз» науқаны аясында полицейлер әлеуметтіке жағдайы төмен отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.