Павлодарда «Естелік бағы» отырғызылды
Халықаралық акция Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында өтті. Бұл ретте, павлодар жұртшылығы да эстафетадан шет қалмады. Барлығы бірлесе қаланың ең әсем орындарының біріне көшеттерді отырғызды.
- Неліктен осы аумақты таңдадыңыз десеңіздер, бұл ең біріншіден қасиетті орын, қаламыздың бас мешіті. Отырғызған ағашымыз да ерекше. Ұлы Отан соғысы кезінде елімізді жаудан қорғаған батырларымыздың ерлігін осылай ұлықтаудамыз, - деді «Панфиловшылар» іздестіру жасағының мүшесі Рафаель Мухамеджанов.
- Сіздердің алдарыңызда 80 тал егіп жатырмыз. Бұлар әдемі болып өседі, декоротивті бұталар. Бұл акция негізі әр азаматтың патриоттық сезімін дамыту үшін, біздің ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау үшін сол үшін жасалған болатын, - деді археологиялық жасақ маманы Талғат Айлыбаев.
Естелік бағына 80 ағаш егілді. Бұл сұрапыл соғыстың басталғанына 80 жыл толуына және сол кездегі панфиловшылардың жасаған ерлігіне негізделген сан. Алда, жасыл желектер ерекше күтімге алынып әсем бақ көркейтілмек. Ал мамырдың 4-нен «Ирбис» телеарнасында «Мәңгілік даңқ» жобасы бастау алады.

