• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда «ForteMobile»- дің 100 мыңыншы клиенті «ForteBank»-тен смартфон алды

Павлодарда «ForteMobile»- дің 100 мыңыншы клиенті «ForteBank»-тен смартфон алды

Сұңғат Абилев осы жылдың наурыз айында ForteBank клиенті болған, ал мамырда  ForteMobile байланысына көшті. Айтуынша банктің сервисі мен қызметтері айтарлықтай тартымды. Ол жаңа ұялы оператордың 100 мыңыншы клиенті болды. Нәтижесінде  iPhone соңғы үлігісін сыйлыққа алды.

 

- Бұрын басқа байланысты пайдаландым. Қазір ForteMobile қолданамын. Өте тиімді. Біріншіден басқа операторларға 250 минут, бұл бір айға жеткілікті. 25 гигабайт интернет-трафик те жеткілікті. Байланыс өте тамаша, инетрнет те жылдам істейді, - деді ForteBank және ForteMobile клиенті Сұңгат Абилев.

 

 

ForteMobile жобасын өткен жылдың мамырынан іске қосқан. Пандемия мен шектеулерге қарамастан күн сайын жаңа абоненттер пайда болды. Тартымдылығы сол ForteBank клиенті бола тұра тіпті нөл баланспен адам банк қосымшасына кіріп, сонымен бірге әлемнің кез келген нүктесінен 7575 қысқа нөміріне қоңырау шала алады.

 

- Сіз «ForteBank”-тен 0 теңгеге мобильді байланысты ала аласыз. Ол үшін белгілі бір соманы жұмсау керек, біздің жағдайда ол 50 мың теңгеден басталады. Оны сауда жасауға тауарлар мен қызметтерді төлеуге жұмсауға болады. Сол кезде сіздің байланыс тегін болады. Біз екі тарифтік жоспарды ұсынамыз бұл Gold және Platinum. Онда минут, нтернет пакеті жеткілікті, - деді ForteMobile жобасының жетекшісі Дмитрий Смусев.

 

 

Негізгі талап  ForteBank кредиттік картасынан басқа барлық төлем карталары қатыса алады. ForteMobile  клиенті болу оңай. Ол үшін банк бөлімшелерінің біріне жүгінуге немесе сайтта сим-картаға тапсырыс беруге болады. Оны тікелей абоненттің үйіне апарып береді.