Павлодарда «Сәбибокс» пайда болды

Павлодардың ең сүйікті демалыс орнында орнатылды. Арнайы кешеннің ішінде ата-аналар кішкентай баласын тамақтандыра алады.

 

Сырттан қарағанда ғимарат кіші көрінгенімен, аталмыш кешендердің іші кішкентай балалар мен ата-аналардың ыңғайлығы үшін барынша жабдықталған. Ауа-баптағыш, жылу желдеткіш, жөргек үстелі және сәбиді қоректендіру үшін арнайы орындық қарастырылған. Шенеуніктердің айтуынша, «Сәбибокс» жылдың кез келген мезгілінде жұмыс жасайды.

 

- Бүгінде Павлодар қаласы бойынша 2 «Сәбибокс» кешенін орнату жоспарлануда. Біреуі осында, яғни орталық жағажайда орналасса, тағы біреуі қала саябақтарының бірінде орнатуды жоспарлаймыз. Қазір нақты қандай саябаққа орналастырамыз деген шешім қабылдануда. Екінші кешен толықтай дайын. Орын табу ғана қалды, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Қизат Смаилов.

 

Алдағы уақытта, жағажайдан бөлек, тағы бір қоғамдық жерде осындай кешен пайда болады. Екі «Сәбибоксқа» қала бюджетінен 6 миллион теңге жұмсалды.