Павлодарда қай үйлерде жылу жетіспеушілігі расталды?
Алпауыт соңғы екі тәуліктегі ақпаратпен бөлісті. Қызмет берушінің мәлімдеуінше, келіп түскен 8 өтініш бойынша температуралық режим кестеге сай берілуде. Екі көпқабатты бойынша, ПИК-ке ыстық суды реттеу шарасын жасауға кеңес берілді. Ал, Сибирская көшесіндегі жер үйдің қожайынына элеваторды ашып, ішін тазалау қажеттілігі туралы айтты. Совхозная, 9 мекенжайында орын алған жылу жетіспеушіліктің себебі, көршілес үйлердегі сорғы құрылғыларының салдарынан болуы мүмкін. Белгілі болғандай, параметрлер тек Ломов, 142 мекенжайына төмен берілген. Алпауыт мамандары, тұрғын-үй инспекциясына келіп түсетін өтініштерді үнемі тізімге қосып отыратындарын жеткізді. Салқын батареялармен жүгінген тұрғындардың үйлері міндетті түрде тексерістен өтеді.