Павлодарда қала басшылығы мүгедектермен сөйлесті

Сәйкесінше сұрақтар көп болды. Мәселен, ерекше қажеттілікті талап ететін павлодарлықтар қоғамдық көлікте жиі қиындықтарға тап болады екен. Әсіресе жол жүру карталары мен құжаттарға байланысты сауалдар көп туындайтын көрінеді. Адамдардың айтуынша, кодукторлар егер құжат болмаса, толық төлеуді талап ететін көрінеді.

 

- Біз кеше ғана автопарк басшыларымен қайта кездестік, қала әкімі осы дерек бойынша түсініктеме берді. Егер сізде жеңілдік картасы болса, онда  картамен еркін тәртіпте төлей аламыз. Бұл ретте сіз қандай да бір растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті емессіз, - деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.     

 

 

Әр адамда жеке картадан. Оның QR-коды бар. Тасымалдаушы компанияда жеңілдікпен қатынайтындардың тізімі жасалады.

 

- Айдың соңында тасымалдауды ұйымдастыратын компания, бұл - №1 автопарк немесе, басқа тасымалдаушы ұйым болса, олар бізге, ТҮКШ бөліміне осыншалықты жолаушы жеңілдікпен жүрді деген шотты көрсетеді. Ал біз оны субсидиялаймыз, - дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

 

 

Бұл ретте, ертіп жүрушілер жолақыны толық көлемде төлейді. Айта кетейін, кездесуде әркім өзін толғандырған сұрақтарын қоя алды.